KZ
Өскемен
+5°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, С
486.44 534.31 5.06

«Туған жер – алтын бесігім»: Катонқарағай және Үлкен Нарын аудандарының мәдени күндері өтеді

Бүгін, 15:00 4 Ержан Әбіш

11-12 қазанда «Туған жер – алтын бесігім» жобасы аясында Шығыстың інжу-маржанына айналған, тұмса табиғатымен көпшілікке танылған Катонқарағай және Үлкен Нарын аудандарының мәдени күндері өтеді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

11 қазан күні сағат 18:00-де Өскемен қаласы, Протозанов көшесі, 43-үй мекен жайы бойынша орналасқан «Шығыс Қазақстан облыстық филармониясы» көрермендер залында өңірлі өлке, хас таланттардың мекені Катонқарағай және Үлкен Нарын аудандарының өнерлі шығармашылық ұжымдары мен солистерінің концерті өтеді. Кеш алдында ауданның қолөнер және бейнелеу өнері шеберлерінің көрмесі, Берел қорық-мұражайының және Үлкен Нарын тарихи-өлкетану музейінің жәдігерлері экспозициясы, сондай-ақ Катонқарағай және Үлкен Нарын аудандарының ауылшаруашылық өнімдері көрмесі ұйымдастырылады.

12 қазан күні сағат 08:00-ден бастап Өскемен қаласы, Жібек жолы даңғылы, 44 мекенжайы бойынша орналасқан «Шығыс Алтай» сауда орталығы алаңында Катонқарағай және Үлкен Нарын аудандарының ауылшаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі мен көркемөнерпаздарының концерті өтеді.

«Қол күрес», «Арқан тарту», «Қой көтеру», «Бал көтеру», «Қымыз ішу» және тағы басқа спорт ойындары өткізіледі.

Сағат 09:00-ден бастап Өскемен қаласы, Комсомол аралында шағын футболдан ашық турнир өтеді.

Баршаңызды Катонқарағай және Үлкен Нарын аудандарының күндеріне арналған шараның құрметті қонағы болуға шақырамыз!

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив