Риддерде сәндік-қолданбалы өнер бұйымдарының көрмесі өтті
9 мамыр күні Риддер қаласында сәндік–қолданбалы өнер бұйымдарының көрмесі өтті.
Жеңіс күніне орайластырылған іс-шараны қалалық Достық үйі «Шеберлер қаласы» бірлестігінің шеберлері ұйымдастырған, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Шығармашылық туындылар көрмесіне 20 шебер өз бұйымдарын қойды. Сонымен қатар көпбалалы аналар да белсенді қатысып, ұлттық нақыштағы заттар мен қолдан жасалған сабын, тоқыма бұйымдарын ұсынды.