Алдағы уақытта инфрақұрылымдық жобалар әзірленеді
primeminister.kz
Күршім көпірінің салынуы аймақ тұрғындары үшін маңызды оқиғалардың бірі болып отыр. Бұл нысан тек көлік қатынасының тиімділігін арттырып қана қоймай, өңірдің экономикалық дамуына, сауда-саттық пен туризмнің кеңеюіне үлкен мүмкіндік береді. Жаңа көпірдің арқасында халықтың көптен күткен арманы орындалды, деп хабарлайды Altainews.kz.
– Бұл көпір аймақтың әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға зор ықпал етеді. Ол тек көлік қатынасының тиімділігін арттырумен ғана шектелмей, өңірдің түрлі салаларына оң әсерін тигізеді. Алдағы уақытта стратегиялық нысан облыстың теңгеріміне өткеннен кейін, инфрақұрылымдық жобалар әзірленетін болады, – деп атап өтті Күршім ауданы әкімінің орынбасары Ержан Әлібеков.
Оқи отырыңыз