KZ
Өскемен
-11°
переменная облачность Штиль
498.34 519.72 4.85

Өскеменде көк тудың шеруі өтті

25.10.2024, 12:20 133 Назерке Каримова

Ақерке Рағызбаева

Өскемен қаласының Үлбі жағалауында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туының шеруі өтіп, Мемлекеттік Әнұран шырқалды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

80-ге жуық волонтер ең ұзын 24*12 метрлік туды Үлбі жағалауының бойында салтанатты түрде шерулетіп алып жүрді.

- Біздің мақсатымыз - жастардың бойында патриоттық сезімді ояту, егемендігіміздің ұлықтығын сезіндіру. Барлық шығысқазақстандықтарды Республика күнімен құттықтаймыз! - деді Өскемен қалалық Жастар ресурстық орталығының директоры Бақытжан Ерболқызы.


Ауа райының қолайсыздығына қарамастан, Республика күнін тойлауға арналған концертке халық мерекелік көңіл-күймен жиналды.

- Мемлекеттік Тудың шеруіне біз жыл сайын қатысамыз. Биыл да бұл шеруден қалыс қалмадық. Мемлекетіміздің рәмізі - көк туымызды желбірете ұстап жүру әр волонтер үшін үлкен мәртебе, - деді волонтер Ләйлә Төлеубекова.


Мерекелік шара барысында қол күресі, гір көтеру, арқан тарту жарыстары ұйымдастырылды. Жастар мен ер азаматтар бұл білектің күші сыналатын сайыстарға асқан белсенділікпен қатысуда. Барлық жеңімпаздарға қаржылай сыйлықтар табысталды.

 

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу