KZ
Өскемен
-1°
небольшой снег жел 5 м/с, ОБ
505.53 593.44 6.34

Өскеменге Маңғыстау облысының көрме-жәрмеңкесі келеді

pexels.com

27.10.2024, 18:00 355 Назерке Каримова

Облыс орталығында Маңғыстау облысының суретшілері мен шеберлерінің көрме-жәрмеңкесі ұйымдастырылады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

- Маңғыстау облысы әкімінің қолдауымен, Маңғыстау облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы, облыстық ғылыми-әдістемелік және мәдени қызмет көрсету орталығының ұйымдастыруымен 28-29 қазан күндері Өскемен қаласында, суретшілер мен қолөнер шеберлерінің көрме-жәрмеңкесі өтеді, - деп хабарлады ШҚО Мәдениет басқармасы.


Көрме-жәрмеңкеде Маңғыстаудың брендіне айналған туындыларды тамашалап қана қоймай, сатып алуға да болады.

Көрме-жәрмеңке ШҚО филармониясында өтеді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу