KZ
Өскемен
+6°
пасмурно жел 1 м/с, С
485.11 523.82 5.02

Маңғыстау суретшілері мен қолөнершілерінің көрме-жәрмеңкесі

Бүгін, 19:00 0 Төлеуғазы Жансая

Құрметті Өскемен қаласының тұрғындары мен қонақтары!

2024 жылдың 28-29 қазан күндері Өскемен қаласында Маңғыстау облысы әкімдігінің қолдауымен және облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы мен облыстық ғылыми-әдістемелік және мәдени қызмет көрсету орталығының ұйымдастыруымен суретшілер мен қолөнер шеберлерінің көрме-жәрмеңкесі өтеді.

Шара барысында Маңғыстаудың ерекше мәдени мұрасы мен көркем өнері ұсынылып, әртүрлі бағыттағы шеберлердің бірегей жұмыстары көрермен назарына ұсынылады. Жәрмеңкеде қолөнер бұйымдарын сатып алу мүмкіндігі де болады. 

Келіңіздер, өнер мен мәдениет әлеміне бірге саяхат жасап, қолөнер шеберлерінің тамаша туындыларымен танысайық!

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив