KZ
Өскемен
+2°
пасмурно жел 3 м/с, Ю
495.2 522.34 4.94

Өскеменде қолөнер шеберлерінің көрме-жәрмеңкесі өтеді

Ашық дереккөздерден алынған сурет

12.04.2023, 14:00 808 Ләззат Қанатқызы

15 сәуір күні Өскемен қаласындағы Қасым Қайсенов саябағында қолөнер шеберлерінің көрме-жәрмеңкесі өтеді.

Жәрмеңкенің дәл осы күні өтуі де тегін емес, шара Ұлттық ғашықтар күніне орай жоспарланып отыр, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Айта кету керек, ерекше көрмені ШҚО сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафтық мұражай-қорығы ұйымдастырған.

Көрме-жәрмеңкеде қала тұрғындары он саусағынан өнер тамған қолөнер шеберлерінің түрлі бұйымдарын, қуыршақтар мен ойыншықтарын, жиынтықтар, кәдесый мен зергерлік бұйымдарын тамашалауына және сатып алуына болады.

Жәрмеңке бағдарламасына сәйкес, шеберлік сыныптары мен лотерея ұтыс ойыны және қаланың балалар мен көркемөнерпаздар ұжымдарының концерті де жоспарланған. Жәрмеңке сағат 11.00-де Қасым Қайсенов саябағында өтеді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу