KZ
Өскемен
-18°
плотный туман жел 1 м/с, С
501.02 597.27 6.59

Ұланнан Өскеменге жәрмеңке келе жатыр

Фото: egemen.kz

6.10.2023, 16:00 556 Ләззат Қанатқызы

Бүгін облыс орталығында Ұлан ауданының мәдени күндері басталады.

ШҚО-да «Туған жер – алтын бесігім» жобасы аясында әр ауданның мәдени күндерін өткізу жолға қойылды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

ұлан ауданының мәдени күндері 6 қазан күні кешкі сағат 19.00-де “Ертіс концерт” залында өтетін аудан өнерпаздарының “Ұланым - мақтанышым” атты гала-концертінен бастау алмақ.

Ал 7 қазан күндері сағат 08:00 - 13:00 аралығында әдеттегідей Fresh Market сауда орталығында сенбілік жәрмеңке өтіп, қонақтарға палау, ұн қуырдақ, ыстық шай мен бауырсақ таратылады. Киіз үйде қазақтың ұлттық тағамдарынан көрме де ұйымдастырылады.

Сол күні сағат 10.00-де Арбатта қолөнер шеберлерінің көрмесі, әр ұлт билерінен флешмоб, “Аяулы жас келін” сайысы мен түрлі спорттық ойындар қол күресг, желке тартыс, жеміс-жидектермен дойбы ойыны) өтеді.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу