Шығыс Қазақстанда 2025 жылға дейін балабақша орындарының саны артады
Шығыс Қазақстан облысында білім беру жүйесін дамыту жұмыстары белсенді түрде жалғасуда. Қазіргі уақытта 99,3% бала мектепке дейінгі біліммен қамтылған. Дегенмен, 2-3 жас аралығындағы 2000-ға жуық бала балабақша кезегінде тұр. Бұл туралы облыс әкімі Ермек Көшербаев «Ертіс-концерт» залында өткен көшпелі баспасөз конференциясында айтты, деп хабарлайды Altainews.kz.
Облыста апатты жағдайдағы және үш ауысымды мектептер жоқ. «Заманауи мектеп» ұлттық жобасы аясында 3000 орынға арналған 7 жаңа мектептің құрылысы жүргізілуде. Биыл олардың төртеуі пайдалануға беріледі, ал қалған үшеуі келесі жылы аяқталады.
Сондай-ақ, биыл Өскемен қаласында 600 орындық жаңа мектеп ашылды. Зайсанда 300 орындық мектеп құрылысы аяқталды, ал Алтай ауданындағы Жаңа Бұқтырма ауылында 200 орындық мектеп іске қосылды.