ШҚО-да келер жылы бес балабақша салынады
фото: aqmeshit-zhastary.kz
Шығыс Қазақстан облысында мектепке дейінгі тәрбие ісіне баса мән беріледі. Мәселен 2025 жылға дейін өңірде бес балабақша салу жоспарланып отыр.
Бұл туралы облыс әкімдігінің отырысында білім басқармасының басшысы Инесса Чернышева айтты, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.
Қазір өңірде 205 балабақша жұмыс істеп тұр. Бұл мекемелерде әлеуметтік осал топтағы отбасылардың балалары тегін тәрбие-білім алады.
Ал өңірде екі жастан алты жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен қамту 98,7 пайызға тең.
– Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтуды ұлғайту үшін 2025 жылға дейін мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігі бойынша 1280 орындық бес балабақша салу, 360 орындық екі ғимаратын нысаналы мақсатқа қайтару, 440 орындық бес жекеменшік балабақша ашу, сондай-ақ қазір жұмыс істеп тұрған 14 балабақшаны кеңейту жоспарда бар, – деп мәлімдеді білім басқармасының басшысы.
Оқи отырыңыз