KZ
Өскемен
-9°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, СШ
498.34 519.72 4.85

Балабақша кезегінің мәселесін тез арада шешу қажет – ШҚО әкімі

фото: depositphotos.com

25.07.2024, 12:36 167

Шығыс Қазақстан облысында 1 шілдедегі жағдай бойынша 2 104 бүлдіршін балабақша кезегінде тұр. Соның ішінде Өскемен қаласы бойынша 1 593 бала кезекте тұр, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Динара Жұманова бұл мәселені шешу үшін бірқатар нақты жұмыс қолға алынғанын атап өтті.

– Жыл басында облыстың мектепке дейінгі ұйымдарында 380 жаңа орын құрылды. Атап айтқанда, Өскемен қаласында 240 орындық балабақша ашылды. Сондай-ақ  облыс орталығы мен Ұлан ауданында жұмыс істеп тұрған балабақшаларда 140 қосымша орын ашылды, – деді ол.

Жылдың соңына дейін облыс орталығындағы 200 орындық бұрынғы балабақша ғимаратын нысаналы мақсатқа қайтару, 475 орындық 3 жеке балабақша ашу, 220 орындық 2 балабақша ғимаратын сенімгерлік басқаруға беру, профицит және жұмыс істеп тұрған мектепке дейінгі ұйымдарда қосымша  838 орын құру есебінен тағы 1593 жаңа орын ашу жоспарда бар.

Бұл жұмыстар 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды  100 пайыз қамтуға, 2 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды 98,7 пайыз қамтуға мүмкіндік береді.

– Балабақшаға сұраныстың артуы, бүлдіршіндер санының өсуі, әлбетте, біздің қуантады. Алайда екі мыңнан астам бала кезекте тұр. Бұл мәселені тез арада түбегейлі шешу қажет, - деді аймақ басшысы.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу