«Жайлы мектеп» аясында 7 мектеп салынып жатыр – ШҚО
Фото: depositphotos.com
«Жайлы мектеп» жобасы аясында ШҚО-да былтырдан бері жалпы орын саны 3000 болатын 7 мектептің құрылысы жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Атап айтсақ, Өскеменде 1500 орындық 3 мектеп, Риддерде 600 орындық мектеп, Шемонаиха қаласында 300 орындық мектеп, Глубокое ауданында 600 орындық 2 мектеп бой көтереді. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте білім басқармасының басшысы Иннеса Чернышева айтты.
Балалардың оқуына қолайлы жағдай жасау жұмыстары жалғасуда. Облыста апатты және үш ауысымды мектептер жоқ. 4879 оқушы орнының тапшылығы бар.
Ағымдағы жылы жергілікті бюджет есебінен Өскеменде 600 орындық мектеп салынды, Зайсанда 300 орындық, Жаңа Бұқтырма кентінде 200 орындық мектептер салынып жатыр.