Бүгін Қазақстанның төрт қаласында ауа сапасы нашарлайды
pexels.com
"Қазгидромет" РМК мамандары Қазақстанның бірнеше қаласында ауа сапасының нашарлауына байланысты болжам жариялады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Zakon.kz порталына сілтеме жасап.
Синоптиктердің мәліметінше, бүгін Атырау, Алматы, Жезқазған қалаларында және түнде Өскеменде қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі. Мұндай жағдайлар атмосфераның беткі қабаттарында зиянды заттардың шоғырлануына себеп болатын қысқамерзімді метеофакторлармен (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) байланысты.
Қала тұрғындарына ұсыныстар:
- Ашық ауада ұзақ уақыт болудан аулақ болыңыз: әсіресе магистральдар мен тас жолдардың жанында.
- Балалар мен жүкті әйелдерге ұзақ серуендеуге кеңес берілмейді.
- Денсаулығында мәселелері бар адамдар: өкпенің созылмалы аурулары, жүрек-қан тамырлары немесе аллергиялық аурулары бар азаматтар дәрі-дәрмектерін өздерімен бірге алып жүруі тиіс.
- Физикалық белсенділікті шектеңіз: ашық ауадағы спорттық және дене шынықтыру жаттығуларын тоқтатып, жабық спорт кешендерінде өткізіңіз.
Оқи отырыңыз