KZ
Өскемен
+1°
туман жел 1 м/с, С
480.61 534.53 5.28

Бүгін ШҚО-ның екі қаласында ауа сапасы нашарлайды

Фото: depositphotos.com

12.07.2024, 10:20 59 Ержан Әбіш

12 шілдеде синоптиктер ШҚО-ның екі қаласында қолайсыз метеожағдай күтілетінін айтты, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Болжамға сәйкес, Өскемен және Риддер қалаларында ауа сапасы ластанады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Қолайсыз метеожағдай кезінде ұсынылатын кеңестер:

Ашық ауада, әсіресе автотрасса немесе басқа да ластану көздерінде болу уақытын қысқарту;

Балалар мен жүкті әйелдерге ұзақ серуендеуден бас тарту;

Жүрек-қантамыр, өкпенің созылмалы аурулары, аллергиялық аурулары бар адамдарға ашық ауада болған жағдайда дәрілерін бірге алып жүру;

Ашық аспан астында физикалық жүктемені азайту. Спорт және дене шынықтырумен жабық спорт кешендерінде айналысу.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив