Өскеменде балалар құқықтарын қорғау бойынша комиссия отырысы өтті
Өскеменде Облыстық кәмелетке толмағандар істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы ұйымдастырылды. Кездесуде 2024 жылғы жұмыстардың қорытындысы жасалып, 2025 жылға арналған жоспарлар бекітілді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Жиынға ШҚО әкімінің орынбасары Ербол Нұрғалиев, Бала құқықтары жөніндегі өңірлік уәкіл және түрлі мемлекеттік органдар мен қалалардағы жауапты құрылымдар өкілдері қатысты.
Отырыс барысында балалардың құқықтарын қорғау, профилактикалық жұмыстарды күшейту және мемлекеттік органдар арасындағы өзара іс-қимылды жетілдіру мәселелері қаралды. Жоспарланған шаралар өңірдегі кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғауды жақсартуға және құқықбұзушылықтардың алдын алуға бағытталды.
Комиссия алдағы жылда тиімді шаралар атқарылатынын атап өтіп, қатысушыларға нақты тапсырмалар жүктеді.