KZ
Өскемен
пасмурно жел 1 м/с, С
487.24 529.34 5.02

ШҚО-да жетім балаларды қолдау және жастарды нашақорлықтан қорғау мәселелері талқыланды

16.10.2024, 10:30 76 Төлеуғазы Жансая

 «AMANAT» партиясының Шығыс Қазақстан облыстық филиалы жанындағы жастарды қолдау жөніндегі Кеңес отырысы өтті. Жиын барысында жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтарын қорғау, олар үшін білім беру және тұрмыстық жағдайларды жақсарту, сондай-ақ жастар арасындағы құқықтық мәдениетті қалыптастыру және нашақорлықтың алдын алу шаралары талқыланды. Сонымен қатар, облыстағы бұқаралық спорттың жағдайы және спорттық инфрақұрылымды дамыту мәселелері де қаралды.

Шығыс Қазақстан облысында ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған 5 мекеме жұмыс істейді, олардың төртеуі білім беру жүйесінде, біреуі денсаулық сақтау саласында. Осы мекемелерде балалардың құқықтарын қорғауға ерекше назар аударылып, әр балаға үй жағдайына жақын ортаны қамтамасыз ету шаралары қабылдануда. Бала құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өңірлік мониторингтік топтар құрылып, олар мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерінен құралған.

Сонымен қатар «DamuBala» жобасы Өскемен және Риддер қалаларында табысты жүзеге асырылуда, жақын арада бұл жоба аудандық деңгейде де іске асырылмақ. Бұл бастама балалар мен жастардың құқықтарын қорғау және олардың әл-ауқатын арттыру мақсатында маңызды қадам болып табылады.

Жастар арасындағы құқықтық мәдениетті қалыптастыру және нашақорлықтың алдын алу мәселелері де күн тәртібінде болды. Үкіметтік емес ұйымдармен және еріктілермен бірлесіп, жыл басынан бері 30-ға жуық шара өткізілген. Облыс орталығында есірткі сайттарын жарнамалайтын граффити суреттері мен QR-кодтарды анықтап, жою жұмыстары жүргізіліп, 68 сайт бұғатталған. Бұл бағыттағы жұмыстар ерекше бақылауда ұсталады.

Осылайша, ШҚО-да жастарды қолдау және қорғау бойынша бірқатар маңызды бастамалар қолға алынып, жүзеге асырылуда.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив