KZ
Өскемен
-10°
туман жел 1 м/с, С
501.79 595.07 6.56

ШҚО-да өзендерде жарылыс жұмыстары жүргізіледі

13.02.2025, 13:30 660 Төлеуғазы Жансая

Шығыс Қазақстан облысында су тасқынына дайындық аясында өзендерде мұз жару жұмыстары жоспарлануда, - деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, арнайы жұмыс топтары гидротехникалық нысандардың жай-күйін тексеріп, тасқынның алдын алу шараларын пысықтауда.

Жарылыс жұмыстары келесі өзен учаскелерінде жүргізіледі:

  • Бұқтырма (Алтай, Үлкен Нарын, Катонқарағай аудандары),
  • Күршім (Күршім ауданы),
  • Үбе (Шемонаиха ауданы),
  • Қалжыр (Марқакөл аймағы).

Мұз кептелісін болдырмау және өзен арнасын ашу мақсатында аталған жұмыстар іске асырылады.

Дмитрий Чжан

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу