25 ақпанға арналған ауа райы болжамы: қар, жаңбыр және көктайғақ

«Қазгидромет» мәліметінше, 25 ақпанда Қазақстан аумағында циклондар мен фронтальды бөліктердің әсерінен көптеген өңірлерде жауын-шашын күтіледі, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
- Оңтүстік өңірлерде жаңбыр мен жылбысқы қар жауады.
- Шығыс және оңтүстік-шығыс аймақтарда негізінен құрғақ ауа райы сақталады.
- Ел бойынша тұман түсіп, көктайғақ болуы мүмкін, желдің күшеюі болжануда.
Мамандар автокөлік жүргізушілеріне ұзақ сапарлардан бас тартуға, ал жаяу жүргіншілерге абай болуға кеңес береді.
Шығыс Қазақстан облыстық «Қазгидромет» филиалының мәліметінше:
- 25 ақпанда түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман түсуі мүмкін.
- Күндіз оңтүстік-шығыста желдің жылдамдығы 15-18 м/с жетеді.
- Өскемен қаласында түнде және таңертең тұман күтіледі.
– Көлік жүргізушілері жылдамдықты асырмай, көліктер арасындағы қашықтықты сақтауы қажет. Жаяу жүргіншілер тайғақ көшелерде жарақат алмау үшін сақтық шараларын ұстануға тиіс. Күшті жел кезінде ғимарат ішінде болған жөн. Үйлердің қабырғаларына, аялдамаларға, билбордтар мен ағаштарға жақын тұрмаңыз. Төтенше жағдай туындаған жағдайда «112» нөміріне хабарласу қажет,- делінген хабарламада.
Оқи отырыңыз