Күршім ауданында көлік жол жиегіне түсіп кетті

Күршім ауданындағы Күршім – Маралды автожолында жеңіл автокөлік жол жиегіне түсіп кетті, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Көлік жүргізушісі 112 қызметіне көмек сұрап жүгінген. Оқиға орнына жеткен құтқарушылар оны Күршім ауылына эвакуациялады. Медициналық көмектің қажеті болмады.
- Төтенше жағдай кезінде біз әрдайым көмекке келеміз. Мұндай жағдайда 112 нөміріне хабарласыңыз, – деп еске салды ШҚО ТЖД қызметі.
Фото: ШҚО ТЖД
Оқи отырыңыз