KZ
Өскемен
-2°
небольшой снег жел 2 м/с, ОШ
505.17 599.54 6.59

ШҚО мен Қытай арасында 2 млрд долларға келісімдер жасалды

20.05.2025, 13:35 315 Гульжан Мусина

Шығыс Қазақстан облысы мен Қытай Халық Республикасының Синьцзян-Ұйғыр автономиялық ауданы (СҰАА) арасындағы ынтымақтастық жаңа деңгейге көтерілуде. Облыс делегациясының Қытайға жасаған сапарының нәтижесінде жалпы сомасы 2 миллиард АҚШ долларын құрайтын 13 меморандумға қол қойылды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Қандай бағыттар қамтылды?

Қол қойылған келісімдер екіжақты экономикалық байланысты күшейтуге бағытталған. Олардың ішінде:

өндіріс пен қайта өңдеу саласындағы жобалар,

көлік және логистика,

агроөнеркәсіп,

туризм және экология сияқты маңызды бағыттар бар.

Бүгінде Шығыс Қазақстанда Қытаймен бірлескен 45 кәсіпорын жұмыс істейді. ҚХР — облыстың басты сауда серіктестерінің бірі. ШҚО-ның сыртқы сауда айналымындағы Қытайдың үлесі 20%-дан асып, 1 миллиард доллардан жоғары көрсеткішке жеткен.

Фото: Махаббат Ахметжанова

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу