Трансшекаралық тандем: ШҚО мен Синьцзян арасындағы әріптестік жаңа белеске шықпақ
Туризмнен бастап өнеркәсіпке дейінгі кең ауқымды бағыттар – қос өңір басшылары кездесуінде сөз болды. Шығыс Қазақстан делегациясының Қытай Халық Республикасының Синьцзян-Ұйғыр автономиялық ауданына жасаған жұмыс сапары аясында маңызды кездесулер өтті. ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағановтың СҰАА партия комитетінің хатшысы Ма Синжуймен және автономиялық аудан үкіметінің төрағасы Еркін Тұниязбен келіссөздер жүргізуі екіжақты байланыстың маңызын айқындай түсті, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Кездесуде Нұрымбет Сақтағанов туризм саласындағы бірегей ұсынысымен бөлісті.
Бүгінде Шығыс Қазақстанда туризмге қажетті инфрақұрылым – жол, электр желісі, қонақүйлер сынды маңызды нысандарды дамытуда. Ал өңірге ағылатын шетелдік туристер легін көбейту үшін Үрімжі – Өскемен тікелей әуе бағыты ашылуы мүмкін. Әкім бұл ұсыныспен шектелмей, келер жылдан бастап Қанас – Катонқарағай және Қанас – Зайсан бағыттарында әуе қатынасын орнату мәселесін де көтерді.
Облыс әкімі туризммен қатар өзара ынтымақтастықтың өнеркәсіп, машина жасау, ағаш өңдеу, су энергетикасы мен ауыл шаруашылығы сияқты салаларда да өрістеу мүмкіндігін атап өтті.
Қытай тарапы бұл ұсыныстарға қолдау білдірді. СҰАА партия комитетінің хатшысы Ма Синжуй:
Сондай-ақ ол білім беру, мәдениет және трансшекаралық туризм бағыттарында да байланысты нығайта түсу қажет екенін атап өтті.
ШҚО әкімінің баспасөз қызметі ақпараты негізінде
Фото: Махаббат Ахметжанова