Өскемендегі этносаябақта мәдениет, өнер қызметкерлеріне арналған салтанатты шара өтеді
Фото: pixabay.com
2025 жылдың 24 мамыр күні, сағат 11:00-де Өскемен қаласындағы Солжағалау музей-қорық кешенінде (Этносаябақ) Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне арналған салтанатты мәдени шара өткізіледі, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Шығыс Қазақстан облысы Мәдениет басқармасының қолдауымен өтетін шара шара мәдениет және өнер саласы қызметкерлерінің еңбегін насихаттау, қолдау көрсету мақсатында ұйымдастырылып отыр.
Мәдени шара барысында Шығыс Қазақстан облысына қарасты ауыл, аудан және қала мәдени ошақтарының үздік қызметкерлерін ШҚО әкімі, сонымен қатар, облысқа қарасты мемлекеттік мекемелер өкілдері құттықтап, марапаттайды.
Бағдарламада: Өскемен қаласының шығармашылық ұжымдары: «Экстази» шоу-балеті, Шығыс Қазақстан облыстық драма және оперетта театрының әртістері, сондай-ақ халық әртістері, ағайынды Абдуллиндер атындағы ШҚ өнер училищесінің «In coro» тобы қатысуымен мерекелік концерт, Шығыс Қазақстан өнер мұражайының көркемөнер көрмесі, қолөнер бұйымдарының жәрмеңкесі, фотокөрме өткізіліп, 360 бұрыштық өлшемді көріністік камерасы бар фотоаймақ, садақ ату аймағы және тағыда басқа қызықты іс-шаралар қарастырылған.
Кіру тегін