KZ
Өскемен
+10°
переменная облачность жел 1 м/с, С
479.23 534.96 5.16

ШҚО филармониясы жаңа музыкалық қойылым дайындап жатыр

instagram/shqo_philharmonic

29.06.2024, 19:00 114 Назерке Каримова

«Mamma Mia» мюзиклінің негізіндегі музыкалық қойылымның тұсаукесері 5 шілде күні өтеді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Қойылым ШҚО мәдениет басқармасына қарасты Шығыс Қазақстан облыстық филармониясының солистері, ШҚО әкімінің симфониялық оркестрі, «Алтай» халық би ансамблі, Шығыс Қазақстан облыстық драма театрының актерлері мен Халық әртістері ағайынды Абдуллиндер атындағы Шығыс Қазақстан өнер училищесінің камералық хорының қатысуымен өтеді. Режиссері - Нурлан Серикпаев.

Қойылым тұсаукесері 5 шілде күні сағат 18.30-да ШҚО филармониясының көрермендер залында (Протозанов көшесі, 43).

Билеттерді Тикетон онлайн желісі немесе ШҚО филармониясының кассасынан сатып алуға болады.

Анықтама телефондары: 87719594099; 87076398848.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив