KZ
Өскемен
-6°
облачно с прояснениями жел 7 м/с, ОШ
517.66 606.49 6.44

Өскеменде мәдениет және өнер саласының мамандары бас қосты

11.02.2025, 12:30 756 Төлеуғазы Жансая

 

«Халық әртістері ағайынды Абдуллиндер атындағы Шығыс Қазақстан өнер училищесінің» 70 жылдық мерейтойы аясында «Мәдениет және өнер саласының мамандарын даярлауда шығармашылық жобаларды іске асыру» атты республикалық семинар-практикум өтті, - деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Шараны өнер училищесі Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласындағы Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжі жанындағы оқу-әдістемелік бірлестігімен бірлесіп ұйымдастырды.

Өнер және мәдениет саласының оқытушылары кәсіби біліктіліктерін жетілдіріп, іс-тәжірибелерімен бөлісу үшін секцияларға бөлініп, түрлі шеберлік сағаттарына қатысты. Семинарға республика бойынша 70 ұстаз қатысып, олардың 20-сы өзге өңірлерден келді.

Іс-шара соңында қатысушылар Ришат пен Мүсілім Абдуллиндер атындағы мұражайды аралады.

Айта кетейік, елімізде кәсіптік және техникалық білім беретін 650-ге жуық оқу орны болса, соның ішінде 30-ы ғана мәдениет пен өнер саласының мамандарын даярлайды.

Айжанат Бақытқызы

Фото: Махаббат Ахметжанова

Видео: Ермек Жиенбеков

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу