KZ
Өскемен
+25°
переменная облачность жел 3 м/с, В
510.59 578.91 6.37

Өскеменде 1 мамыр күні бірқатар мерекелік іс-шаралар өтеді

pixabay.com

29.04.2025, 10:00 356 Төлеуғазы Жансая

1 мамырда Өскемен қаласында Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған мерекелік іс-шаралар өтеді. Қала тұрғындары мен қонақтарын мазмұнды әрі көңілді бағдарлама күтеді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Мерекелік күннің шымылдығы сағат 10:00-де «Қазақстан» тауында өтетін Бірлік жүгіруімен ашылмақ. Бұл шара салауатты өмір салтын ұстанушыларды біріктіріп, бірлік пен достықтың маңыздылығын айшықтауды көздейді.

Сағат 12:00-де Республика алаңында Шығыс Қазақстан облыстық филармония әртістерінің қатысуымен «Qazaqelі-tatýlyqmekenі» атты концерттік бағдарлама өтеді. Дәл осы уақытта Сол жағалау кешенінде «Бірлігі жарасқан – Қазақстан» атты мерекелік концерт ұйымдастырылады. Концерт барысында үздік музыкалық және би қойылымдары ұсынылады.

Мерекелік күннің қорытынды шарасы — сағат 18:00-де Республика алаңында өтетін «Студенттік достық – 2025» жастар фестивалі болмақ. Бұл іс-шара Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналады. Фестиваль аясында шығармашылық ұжымдардың өнер көрсетулері, флешмобтар және жарқын концерттік нөмірлер ұсынылады.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу