KZ
Өскемен
+25°
небольшая облачность жел 2 м/с, ОБ
518.97 607.3 6.64

Полицейлер дер кезінде көмектесті: Адасқан бала ата-анасына қайтарылды

Фото: видеодан скриншот

18.06.2025, 11:00 108 Гульжан Мусина

 

Өскеменде 12 жастағы бала Самал саябағына өзі бармақ болып, жолда адасып кеткен. Абырой болғанда, полицейлер баланы дер кезінде тауып, ата-анасына аман-есен жеткізді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Шығыс Қазақстан облыстық полиция департаментінің мәліметінше, бала шомылуға барамын деп, саябаққа жалғыз кеткен. Алдымен автобуспен жетпек болған, бірақ қоғамдық көлік келмеген соң, жаяу жолға шыққан. Алайда жолда бағытынан жаңылып, саябаққа жете алмай қалған.

— Әкесі баласын өзі іздеп таба алмаған соң, дереу полицияға жүгінген, — дейді департаменттің баспасөз қызметі.

Полицейлер баланың түр-тұлғасына қатысты деректі барлық кезекші жасаққа таратып, жедел іздестіру жұмыстарын бастайды. Екі сағаттан соң бала қаланың басқа шетінен табылып, еш жарақатсыз ата-анасына қайтарылған.

Құқық қорғау органдары ата-анамен профилактикалық әңгіме жүргізіп, баланың қауіпсіздігін бақылауда ұстау қажеттігін ескертті.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу