KZ
Өскемен
+8°
пасмурно жел 2 м/с, ОШ
485.11 523.82 5.02

Өскеменде әжесінің үйіне жете алмай, адасып кеткен бала табылды

Фото: ШҚО ПД

13.02.2024, 12:02 108

Өскемендегі полиция бөліміне қала тұрғыны келіп, кәмелет жасына толмаған қызы жоғалып кеткенін хабарлаған.

Тәртіп сақшылары дереу іздеуге кірісіп, жоғалған баланың белгілері мен бағдарын барлық полиция бөлімдері мен нарядтарға жіберді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Азаматша жасөспірімнің жақын жерде тұратын әжесіне баратынын, бірақ аталған мекенжайға жетпегенін айтады. Өз бетінше іздеу шаралары сәтсіз болған соң қыздың ата-анасы полиция қызметкерлерінің көмегіне жүгінген.

Бір сағатқа созылған іздеу жұмыстарының нәтижесінде «Боран-20» экипажының қызметкерлері, Өскемен қаласы Полиция басқармасының инспекторлары аға лейтенант Ернар Қадырбаев пен Рүстем Қасымжанов жоғалған баланы Понтон көпірі маңында тапты.

Белгілі болғандай, әжесінің үйіне барар жолда қыз бала адасып қалған екен.

Осы орайда полицейлер ата-аналарға балаларына мұқият қарау керектігін ескертеді. Ал бала немесе жақын туыстары жоғалып кеткен жағдайда, өз бетінше іздеуге уақыт жоғалтпай, дереу «102» нөмірі бойынша полицияға хабарлау қажет.

                                                                          

Айжанат Бақытқызы

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив