KZ
Өскемен
+8°
небольшой дождь жел 2 м/с, ОШ
485.11 523.82 5.02

Өскемендік полицейлер жоғалған баланы іздеп тапты

Фото: ШҚО ПД

8.04.2024, 16:00 61 Оразай Жеңісұлы

Өскемендік тәртіп сақшылары жоғалған баланы тауып, ата-анасына табыстады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

ШҚО Полиция департаментінің ақпараты бойынша, тәртіп сақшыларына хабарлама 6 сәуір күні кешкі уақытта келіп түскен. Жергілікті тұрғын кәмелет жасқа толмаған ұлы үйден велосипед тебуге шығып, оралмағанын айтқан. Өз бетімен іздеу шаралары нәтиже бермеген.

80-нен астам полиция қызметкерлері баланың белгілерін алғаннан кейін жасөспірім баруы мүмкін деген жерлерді іздеп,  достары мен таныстарынан сұрастырып, алаңдар, скверлер мен саябақтарды тексеріп шыққан.

Ертіс полиция бөлімі қызметкерлері қабылдаған шаралардың нәтижесінде таңға жуық жасөспірімнің орналасқан жерін анықтады. Белгілі болғандай, бала велосипедпен үйден алыс кетіп, кері жол таба алмай, көшеде түнеуге мәжбүр болған.

«Жасөспірім мен оның ата-анасымен профилактикалық әңгіме жүргізілді. Полицейлер ата-аналарға балаларына мұқият қарау, бос уақыттарын бақылау және өз міндеттерін орындау қажеттігін ескертеді», - деп хабарлады ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив