Еліміздегі өнеркәсіп өндірісінің үштен бірі моноқалалар үлесіне тиеді
Фото: pexels.com
Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен моноқалаларды дамыту жөніндегі кеңесте ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Омарбеков моноқалалардың еліміздің өнеркәсіп өндірісіне қосар үлесі зор екенін баяндады. 2024 жылдың қорытындысы бойынша олардың үлесі жалпы көлемнің 36,4%-ын құрады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Үкіметке сілтеме жасап.
Қазіргі таңда елімізде 1,4 млн тұрғыны бар 20 моноқала бар. Онда 18 қала құраушы кәсіпорын жұмыс істейді, олардың жұмысы аумақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуына тікелей әсер етеді. Кәспорындар негізінен тау-кен, металлургия және энергетика салаларына негізделген.