KZ
Өскемен
-6°
облачно с прояснениями жел 6 м/с, ОШ
516.93 542.52 4.98

Елімізде бөлшек сауда 8,8%-ға өсті

Фото: inbusiness.kz

15.08.2023, 21:43 209 Оразай Жеңісұлы

2023 жылғы қаңтар-шілдеде бөлшек сауда көлемі 2022 жылғы қаңтар-шілдемен салыстырғанда 8,8%-ға өсіп, 9 трлн 481 млрд теңге болды, деп хабарлады Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистикалық бюросы.

Бөлшек саудадағы тауар айналымы өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 11,7%-ға өсіп, 6 трлн 779 млрд 200 млн теңгені құрады.

2023 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша сауда кәсіпорындарының бөлшек саудадағы тауарлық-материалдық қорларының көлемі 1 трлн 465 млрд 500 млн теңгеге жетті.

Бөлшек сауданың жалпы көлеміндегі азық-түлік тауарларының үлесі – 29,9%, азық-түлік емес тауарлар – 70,1%.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу