KZ
Өскемен
-14°
плотный туман Штиль
503.17 600.89 6.63

Өскеменде облыс әкімдігінің отырысы басталды

20.08.2025, 10:10 212 Төлеуғазы Жансая

Өскеменде Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің отырысы өтіп жатыр, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Жиында бірнеше маңызды мәселе қаралмақ. Олардың қатарында жаңа 2025–2026 оқу жылына дайындық пен өңірге инвестиция тарту жоспарлары бар.

Айта кетейік, Шығыс Қазақстан облысы шетелдік тікелей инвестицияларды тартуға зор әлеуетке ие. Өңірдің бай табиғи ресурстары, дамыған инфрақұрылымы және қолайлы географиялық орналасуы бұл бағыттағы мүмкіндіктерді кеңейтеді. Сондықтан жоспарлы көрсеткіштерді орындау — күн тәртібіндегі басты мәселелердің бірі.

Сонымен қатар жаңа оқу жылына дайындық та назардан тыс қалмайды. Қатысушылар мектептерді қажетті жабдықтармен қамтамасыз ету мен сапалы білім беру үшін жағдай жасау шараларын талқылайды.

Елизавета Седых

Фото редакция архивінен

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу