ШҚО-да «Altay Invest» халықаралық инвестициялық форумы өтеді
Шығыс Қазақстанда туризм, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы мен энергетика сынды салалар бойынша өңірдің инвестициялық және экспорттық әлеуетін таныстыру шарасы ұйымдастырылады. Бұл бастама – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң және тәртіп, экономикалық өсу, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауында айтылған шетелдік инвестиция тарту жөніндегі тапсырмасын орындау аясында қолға алынған, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Осыған орай, 9 шілде күні облыс әкімдігі өңірдің инвестициялық мүмкіндіктерін таныстыруға арналған арнайы іс-шара өткізуді жоспарлап отыр. Аталған шара 10 қыркүйекте Өскемен қаласында өтетін «Altay Invest» халықаралық инвестициялық форумына дайындық кезеңі ретінде қарастырылуда.
Жыл сайын өтетін бұл форум аясында әлемнің түрлі елдерінен инвесторлар мен бизнес өкілдері қатысады деп күтілуде. Сонымен қатар, форум алаңында өңірдің экспорттық әлеуетін арттыруға, бірлескен жобаларды жүзеге асыруға қатысты нақты келіссөздер жүргізіледі.