KZ
Өскемен
-16°
туман жел 1 м/с, СШ
503.35 590.63 6.62

ШҚО-да жолдарды қысқа дайындау жұмыстары 15 қазанға дейін аяқталмақ

Сурет иллюстративті. Нейрондық желі арқылы жасалған.

19.09.2025, 11:15 189 Төлеуғазы Жансая

Шығыс Қазақстан облысында автожолдарды қысқа дайындау жұмыстары аяқталуға жақын, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Әкімдік отырысында жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары Нұрбек Тұраров барлық негізгі жұмыстар 15 қазанға дейін толық аяқталатынын айтты.

Дайындық аясында қауіпті учаскелерге мұздануға қарсы материалдар жеткізіліп, 50 тонна техникалық тұз сатып алынуда, 130 уақытша жол белгісі әзірленіп, 2 500 сигналдық бағаналар орнатылды, 800 тонна көмір сатып алынуда. 1 666 жасанды құрылыс және олардың кіреберістері, сондай-ақ 96 көпір тазартылды. Қар жиі үйіліп қалатын 9 жол учаскесіне қалқандар орнату жұмыстары аяқталуға жақын. 7 қар көшкіні қаупі бар учаскеге ерекше көңіл бөлінген.

Сонымен қатар Президент тапсырмасы аясында Өскемен – Тарғын – Самар автожолының 74-77 шақырымына қар тоқтату және көгалдандыру мақсатында 5 мың көшет отырғызылды.

Өткен қысқы маусымда облыстық маңызы бар жолдар 84 рет, республикалық маңызы бар жолдар 44 рет жабылған, олардың әрқайсысы орта есеппен 12 сағатқа жабылған.
ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағанов қыс мезгілінде трассалардың жабылуы және олардың жай-күйі туралы халықты дер кезінде хабардар етудің маңыздылығын атап өтті.

– 15 қазанға дейін жолдар толық дайын болуға тиіс. Бұл мәселені аудан және қала әкімдері, сондай-ақ Полиция департаментінің өкілдері қатаң бақылауда ұстауы қажет, – деп атап өтті аймақ басшысы.

Жалпы, өңір 15 қазанға дейін қысқы маусымға дайындықты толық аяқтап, трассалардың жабылу тәуекелдерін барынша азайтып, қолайсыз ауа райында қозғалыстың қауіпсіздігін қамтамасыз етпек.

Дамир Омаров

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу