KZ
Өскемен
-10°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, З
492.65 525.71 5.03

"ОблШығысЖол": Қысқы мерзімге дейін облыс жолдарына 2500 сигналдық тірек орнатылмақ

Фото: yahoo.com

25.09.2024, 13:06 144 Айжанат Бақытқызы

«ОблШығысЖол» ЖШС қысқы мерзімге 380 мың литр жанар-жағармай қорын әзірледі. Бұл туралы бүгін облыс әкімдігінің мәжілісінде белгілі болды, деп хабарлайды Altainews kz.тілшісі.

Облыстық жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Нұржан Жұмаділовтің айтуынша, минималды қор азайған сайын, жанар-жағармай толықтырылып отырады. Операторлармен жанар-жағармай жеткізу бойынша келісімдер жасалған. Осы ретте қыс мезгіліндегі жанар-жағармайға орташа қажеттілік шамамен 500 мың литрді құрайтынын айту керек.

"Көктайғаққа қарсы материалдарды дайындау жоспарлы түрде жүргізіледі, бұл серпентиндер мен таулы жолдардың кей учаскелерін қауіпсіздендіруге мүмкіндік береді. Қосымша 150 тонна техникалық тұз, 800 тонна көмір, сондай-ақ 230 уақытша жол белгілері сатып алынады", – деді мекеме басшысы.

Сонымен қатар, 2 500 дана сигналдық тіректі орнату, 3 166 шақырым өткел жол жиектерін шабу, 1 634 дана көлемінде жасанды құрылғыларды және оларға келу жолдарын тазалау жұмыстарын аяқтау жоспарлануда.

Облыс әкімі бұл бағыттағы жұмысты әсте бәсеңдетуге болмайтынын айтып, бұл жөнінде қажетті тапсырмалар берді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу