ШҚО: Автокөлік жолдары қысқа қаншалық дайын?
Фото: pexels.com
Облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын және елді мекендердің көшелерін қысқы мерзімде күтіп ұстау үшін қалалар мен облыстардың климаттық ерекшеліктеріне қарай біркелкі бөлінген 590 техника жасақталды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
424-і немесе 90 пайызы жұмыс істеп тұр.
Облыстық жолдарға «ОблШығысЖол» ЖШС қызмет көрсетеді, онда 119 қар тазалау техникасы бар, 110-ы немесе 92%-ы жұмыс істеп тұр, – дейді ШҚО жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Нұржан Жұмаділов.
Қар тазалау техникасының келесі бес жол-өндірістік басқармасы (бұдан әрі – ЖӨБ) бар: (Өскемен қаласында – 53, Шемонаиха қаласында – 8, Үлкен Нарында – 14, Ақжарда – 11, Самарда – 15, Күршімде – 18).
Сонымен қатар климаттық жағдайлары қиын жерлерде төрт жол жөндеу пункті (Тарғын ауылы, Марқакөл ауылы, Егіндібұлақ ауылы, Шемонаиха), төрт жылыту пункті (Өміш асуы, Тарғын ауылы, Егіндібұлақ ауылы, Ұранқай ауылы) орналасқан.
Әрбір құрылым білікті жұмысшылармен және тиісті жабдықтармен қамтамасыз етілген. Өндірістік үй-жайлар мен бокстар қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген және қысқы жағдайдағы жұмысқа дайын.
Төтенше жағдай кезінде облыс жолдарында 166 қосымша жұмылдыру техникасы бар, оның ішінде облыстық маңызы бар жолдарда – 15, аудандық маңыздағы жолдарда – 28, елді мекендердің көшелерінде – 123.
«ОблШығысЖол» ЖШС қысқы мерзімге 380 мың литр жанар-жағармай қорын жинақтады, минималды қор азайған сайын, жанар-жағармай толықтырылып отырады. Операторлармен жанар-жағармай жеткізу бойынша келісімдер жасалған (қыс мезгіліндегі жанар-жағармайға орташа қажеттілік шамамен 500 мың литр).
Негізгі жеткізушілер «Sinooil» ЖШС, «Автогазтрей» ЖШС, «Petrojet» ЖШС, сондай-ақ облыстық жанармай құю станциялары (Күршім, Самар, Үлкен Нарын, Ақжар).
Жалпы алғанда, облыстық маңызы бар автомобиль жолдары қысқы жағдайдағы жұмысқа іс жүзінде дайын. Ағымдағы жылдың 15 қазанына дейін келесі жұмыстар аяқталды:
- көктайғаққа қарсы материалдарды дайындау және қауіпті учаскелерге тасымалдау (серпантиндер, ылди және өр жерлер, тұрақтар);
- 150 тонна техникалық тұз сатып алу;
- 230 дана уақытша жол белгілерін дайындау;
- 2500 дана сигналдық тіректерді орнату;
- 800 тонна көмір сатып алу;
- 3166 км өткел жол жиектерін шабу;
- 1634 дана жасанды құрылғыларды және оларға келу жолдарын тазалау.
Облыстық маңызы бар автомобиль жолдарында ұзындығы 3854 метр стационарлық қар ұстайтын қалқандар бар. Қосымша қар ұстайтын торлар орнатылуда. Алдын алу шаралары үшін қар ұстайтын траншеяларды, қар ұстайтын төбелер және қар қабырғаларын орнату жұмыстары жүргізіледі.
Өткен қыста қардың қалың жаууы, жолдың көрінуінің нөлдік болуы және қар көшкіні қаупінің салдарынан облыстық жолдар 44 рет жабылған.
Жолдардың жабылу ұзақтығы негізінен қар көшкіні кезінде түнде орташа есеппен 12 сағатты құрайды.
Жедел өзара іс-қимылды қамтамасыз ету үшін жетекшілік ететін облыс әкімінің орынбасары Бақытжан Байахметовтің бастамасымен жол ұйымдары, полиция қызметкерлері, төтенше жағдайлар бөлімдері, қалалар мен аудандар әкімдіктері үшін іс-шаралар жоспары әзірленді, оған сәйкес барлық жол бөлімшелерімен, медициналық-трасса пункттерімен және ауылдық округтер әкімдіктерімен өзара байланыс орнатылды. Жұмылдырылған ұйымдардың үйлесімдіжұмысының арқасында өткен кезеңде адам шығыны болған жоқ, – дейді ШҚО жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Нұржан Жұмаділов.
2024 жылдың қазан-қараша айларында төтенше жағдайлар, полиция органдарының және жол қызметтерінің қатысуымен баспасөз конференциялары өтеді. Бұл шара тұрғындарды облыс жолдарын қысқы кезеңге дайындау бойынша атқарылып жатқан шаралар жөнінде ақпараттандыруға және жол ұйымдарының диспетчерлік қызметтерінің телефон нөмірлерін беруге бағытталған.
Облыс жолдарында үздіксіз қауіпсіз қозғалысты қамтамасыз ету мәселелері тұрақты бақылауда.