KZ
Өскемен
-12°
плотный туман Штиль
498.55 524.28 4.75

Қазақстанның жолдарындағы полиция постары алынып тасталады

28.05.2019, 10:42 311

Қазақстандағы полиция бекеттерінің саны азаяды. Мұны Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев айтты, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

– 1 шілдеден бастап қала ішіндегі де, сыртындағы да бекеттер саны азаяды. Жол бойын фото және бейнебақылаулар арқылы бақылауды күшейтеміз, – деді Е.Тұрғымбаев.

Министр осы орайда 2000 жылы болған оқиғаны еске салды. Сол кезде құқық қорғаушылардың Өзбекстаннан Алматыға қарбыз алып өткен бір адамнан 36 рет пара алғаны анықталған екен.

– Осы саладағы артық 300 қызметкер жұмыс күші жетіспей жатқан басқа қызметтерге ауыстырылады. Ал бекеттер болса жолаушылар үшін тұра береді. Мәселен, қыста оның ішіне кіріп жылынып алуға болады, – деді министрдің орынбасары Алексей Калайчиди.

Оның айтуынша, республика аймағында заңсыз әрекеттерді бақылауға құқық қорғаушылардың күші толықтай жетеді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу