Өскеменде алғаш рет «Қарбыз Party - 2019» фестивалі өтті (ВИДЕО)
Кеше облыс орталығында «Қарбыз Party - 2019» фестивалі өтті, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Атаулы шараға қала тұрғындары мен қонақтары, шаһар басшысы және аудандардан келген бағбандар қатысты.
Фестивальде «Ең үлкен қарбыз», «Тағы бір тілімі кімге?» , «Епті қарбыз» сынды байқаулар ұйымдастырылды. Қарбыздан жасалған тәтті сусындар мен түрлі мүсіндер жұртшылық назарына ұсынылды.
– Бүгінгі фестивальге облысымыздағы қарбыз өсіретін шаруа қожалықтарын шақырдық. Бағбандар 20 тоннадан астам қарбыз алып келді, – дейді, қалалық кәсіпкерлік және әлеуметтік бөлімінің басшысы.
«Ең үлкен қарбыз» номинациясын Күршімнің «Мұхамеджанов» ШҚ жеңіп алды. Қарбыз салмағы: 21,100 кг, ал екінші орын Зайсан ауданының 17,300 кг қарбыз өсірген шаруасына бұйырды.
Фестивальге қатысушылар смарт сағат, караоке микрофон сынды бағалы сыйлықтар мен қарбыз алса, балалар ойыншықтармен марапатталды.
Аталмыш шараға қатысқан қала әкімі Жақсылық Омар «Қарбыз Party - 2019»-дың тағы да өткізілетін мәлім етті.