KZ
Өскемен
-4°
ясно жел 2 м/с, В
479.23 534.96 5.16

Үржарлық кәсіпкер өсірген малын Өзбекстанға экспорттап отыр

22.04.2019, 08:58 195

Үржарлық жеке кәсіпкер Мәулітбек Қалиев асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға баса назар аударып отыр, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Бүгінде ол ангус пен шаролле тұқымдас ірі қара малдарды өсіріп, аудан экономикасының өркендеуіне елеулі үлес қосуда. Мәулітбек Қалиевтің айтуынша, ол былтыр Өзбекстанға 130 тоннадан астам ет экспорттаған. Оны сонау көршілес елден келген кәсіпкерлер сатып алыпты.

– Жетпістен астам адамды жұмыспен қамтамасыз етіп отырмын. Мемлекеттің қолдауымен бірнеше мал бордақылау кешенін салдым. Қазір онда күзде жайлаудан түскен ірі қара малдар семіртілуде. Олардың тірі салмақтары 450 келіге дейін жетеді, - дейді Мәулітбек Қалиев.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив