Жармалықтар жеңімпаздарға құрмет көрсетті
24 қараша мен 3 желтоқсан аралығында Румыния елінің Бухарест қаласында өткен пара-армрестлингтен, пара пауэрлифтингтен өткен әлем чемпионатының алтын жүлдегер жеңімпазы Зарина Примак пен күміс медаль иегері Шамшыхан Мәсалимовты жерлестері Шар қаласында салтанатты түрде қарсы алды. Ауданның атқамінер азаматтары мен ардагерлері, мектеп ұстаздары мен оқушылары спортшыларға қошемет көрсетті. Салтанатты шара барысында аудан әкімі Ахметқали Нұрғожин жеңімпаз спортшыларды өңір тұрғындары атынан құттықтап, естелік сыйлықтарын тарту етті. Жеңімпаз спортшылардың қуанышына жиналған көпшілік қауым Үшбиік ауылының ардагер ұстазы Қабай Мерғали Қабайұлы мен Шар қаласының тұрғыны, еркін күрестен спорт шебері Сансызбай Кашкимбаев та шараға жиналған көпшілікке құттықтауын білдіріп, жерлестеріміздің қуанышты жаңалығына ортақтасты. Айта кетер болсақ, Зарина Примак пара-армрестлингтен, пара пауэрлифтингтен өткен әлем чемпионатының 3 дүркін, ал Азияның 5 дүркін чемпионы, «Халықаралық дәрежедегі спорт шебері» атағының иегері, жармалықтардың мақтанышы. Спортқа жаны жақын Заринаға Жарма аудандық әкімдігі үнемі қолдау көрсетіп келеді. Ауданның жомарт жандары үнемі демеушілік көрсетіп, дүбірлі додаларға қатысуына мол мүмкіндік туғызып келеді. Шар қаласында ашылған спорт кешенінде жаттықтырушысы Ерсайын Шоқпаров 6-7 жылға жуық осы спортқа баулып келеді.
-Зарина алғаш осы спортты бастағанда, біз үнемі жеңіс тұғырынан көрінеміз» деген сеніммен дайындыққа кірісетінмін. Осы тынымсыз дайындықтың нәтижесінде, Зарина талай тартысты додаларда өзінің қарсыластарынан оза шауып, жеңіспен оралып жүр. Ауданның кәсіпкер азаматтарына ризашылығымды білдіремін. Қаржылай демеушілік көрсетіп жүретін жомарт азаматтарға ,соның ішінде Шалабай ЖШС-нің директоры Қуаныш Серікқазыұлы Сүлейменовке алғысымыз зор. Бізді қанаттандырып, қолдау көрсететін жанкүйерлеріміз, жармалық жерлестеріміз,- дейді Заринаның бапкері.
Ал, Масалимов Шамшыхан Ержанұлы Үшбиік ауылында тұрады, Ақтайлақ би орта мектебінің мұғалімі. Аударыспақтан 3 дүркін ҚР-ның чемпионы, пара-армрестлингтен өткен әлем біріншілігінің күміс жүлдегері атанды. Салауатты өмір салтын ұстап, спортты өздерінің сүйікті ісіне айналдырған жеңімпаздарымыз өздеріне көрсетілген құрметке алғыстарын білдірді.
Сөз кезегінде аудан әкімі өңірдің мүмкіндігі шектеулі спортшылары арасында спортқа қызығушылығы жоғары жандарға әрқашан қолдау көрсетуге дайын екенін білдіріп: «Жеңіспен оралған спортшылар жармалықтардың даңқын асқақтата берсін!» деген игі тілегімен бөлісті.
Жүлдегер спортшылардың құрметіне орай ұйымдастырылған салтанатты шара соңында аудандық Мәдениет үйінің өнерпаздары әсем әннен шашу шашып, ауылдың ардагерлері ақ батасын берді.
Кәусар Арықханқызы

Оқи отырыңыз