Қазақстанда күн жылып, жауын-шашын тоқтайды
Қазақстанда күн жылып, жауын-шашын тоқтайды. Синоптиктер 12-14 қазанға арналған ауа райы болжамын ұсынды.
Метеорологтардың мәліметінше, кезең ішінде ауқымды антициклонның әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы болады. Тек солтүстік, шығыс және оңтүстік-шығыс аймақтарында жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын түседі. 12 қазанда таулы аудандарда қатты жауын-шашын болады.
"Сондай-ақ, республика бойынша түнде және таңертең тұман, солтүстікте - көктайғақ, батыста және оңтүстікте шаңды дауыл болжанады. Батыста және солтүстік-батыста күндізгі температура 13...20-ға дейін біртіндеп жоғарылайды, солтүстікте, шығыста және орталықта 8...15-ке дейін, оңтүстік аймақтарда 13...20-ға дейін", - делінген хабарламада.