Ел азаматтары тұрғылықты жері бойынша қалай тіркеле алады?
Ішкі көшіп-қонушының тұрғылықты жерін тіркеу, уақытша болатын (тұратын) жері бойынша есепке қою тұрғын үй иесінің/иелерінің, келісімімен жүзеге асырылады, тұрғын үйлерде, пәтерлерде, саяжай құрылыстарында, бау-бақша серіктестіктерінде, кооперативтерде, жатақханаларда, қонақүйлерде, демалыс үйлерінде, санаторийлерде, профилакторийлерде, емдеу мекемелерінде, интернат-үйлерінде, пансионаттарда, қарттар үйлерінде, сондай-ақ адамдар тұру үшін пайдаланылатын ғимараттар мен үй-жайларда жүзеге асырылады.
«Тұрғылықты жері бойынша тіркеу» мемлекеттік қызметін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ (ХҚКО), сондай-ақ электрондық үкімет порталы арқылы алуға болады.
ХҚКО-ға жүгінген кезде тұрғылықты жері бойынша тіркелу үшін Сізге келесі құжаттар қажет болады:
- Жеке басын куәландыратын құжат (туу туралы куәлік, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі).
- Тұрғын үй иесінің немесе сенім білдірілген адамның жеке басын, тұрғын үй иесінің немесе сенім білдірілген адамның жеке қатысуын куәландыратын құжат. Ғимараттар мен үй-жайларда тіркеу кезінде ұйым (мекеме) әкімшілігінің тіркеу туралы қолдау хаты қажет.