KZ
Өскемен
-2°
небольшой снег жел 5 м/с, ОБ
494.87 520.65 4.91

Елімізде емханаға тіркелу науқаны басталды

16.09.2020, 08:51 166

Елімізде 2020 жылғы 15 қыркүйектен бастап тұрғылықты аумағы шегінде медициналық-санитарлық алғашқы көмек ұйымын (МСАК) еркін таңдау бойынша жыл сайынғы науқан басталды. Сіздің 15 қыркүйектен 15 қарашаға дейін тіркелуге мүмкіндігіңіз бар.

Дәрігердің тіркелген пациентінің денсаулығын тұрақты бақылауында ұстауы үшін емхананы тұрғылықты жеріне жақын жерден таңдау ұсынылады. Бұл жағдайда емхана дәрігерлері қажет болғанда пациенттердің үйіне бара алады, яғни пандемия кезінде бұл мәселе маңыздылығын көрсетті.

«Науқан кезінде медициналық-санитарлық алғашқы көмек ұйымына тіркелген азаматтар медициналық көмекті 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап ала бастайды. Бұл ретте медициналық ұйым қормен алдағы жылға арналған тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әдеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде алғашқы медициналық-әлеуметтік көмек қызметтерін көрсетуге шарт жасасуы тиіс. Тіркелу науқанының қорытындысы бойынша медициналық ұйымдар шегінде тұрғындар бөлінуін ескере отырып, 2021 жылға арналған қаржыландыру жоспарланады. Қор деректер базасының абсолютті дұрыстығына мүдделі, өйткені әрбір тіркелген тұрғын үшін медициналық ұйымдарға ай сайын жан басына шаққандағы қаржыландыру төленеді», – деп түсіндірді әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының ШҚО бойынша филиал директоры                        Ғ. Әбілов.

Филиал директорының түсіндіруінше емханаға тіркелу бірнеше жолмен жүзеге асырылады.

Электрондық үкіметтің www.e.gov.kz веб-порталы арқылы тіркелген  кезде электронды цифрлық қолдың болуы тіркеу жүзеге асырылады. Денсаулық сақтау бөлімінде «Медициналық-санитарлық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымға тіркелу» қызметін таңдау қажет. Емхана пациент туралы ақпаратты мемлекеттік ақпараттық жүйелерден автоматты түрде алады. Операция сәтті болған жағдайда азаматқа медициналық ұйымның электронды цифрлық қол қойылған электрондық құжат түрінде тіркеу туралы хабарлама беріледі.

      Халықтың жекелеген санаттары тікелей емханаға тіркеле алады. Ол үшін еркін нысандағы өтініш жазу пен жеке басын куәландыратын құжатты беру қажет. Бұл санаттарға зейнеткерлер, мүгедектер, заң бойынша бала кезінен мүгедекке тағайындалған қамқоршылар, сондай-ақ қорғаншылар немесе қамқоршылар, патронат тәрбиешілер; колонияларда (өтеу орны бойынша) жазасын өтеп жатқан сотталғандар, студенттер, мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер, шет мемлекеттерде туған балалар, сенімхат бойынша тіркеуді ресімдейтін адамдар жатады.

        Тіркеу науқаны Денсаулық сақтау субъектілерінің дерекқорында тіркелген және ТМККК және МӘМС бойынша медициналық қызмет көрсетуге үміткер медициналық ұйымдар арасында ғана жүргізілетінін атап өтеміз. Тіркелу үшін қолжетімді емханалардың тізімімен Қордың www.fms.kz сайтында «Емхананы таңдау» бөлімінде танысуға болады.

         Осы жылдың 31 желтоқсанына дейін азаматтар бұрын бекітілген емханада медициналық көмек алуды жалғастырады.

          Қыркүйек айындағы жағдай бойынша 27 мыңнан астам адам медициналық-санитарлық алғашқы көмек ұйымына тіркелмеген күйінде қалып отыр. Медициналық көмекке қол жеткізе алмай қалмау үшін оларға тікелей тұрғылықты жері бойынша емханада немесе ЭЦҚ арқылы электрондық үкіметтің веб-порталында тіркелу мәртебесін тексеру ұсынылады.

         Естеріңізге сала кетейік, сақтандыру мәртебесіне қарамастан, барлық азаматтар тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне құқылы. Жоспарлы емдеуге жатқызу, бейінді мамандардың қабылдауы, қымбат тұратын тексерулерден өту және жоғары технологиялық ем алу үшін МӘМС жүйесінде сақтандырылған болуы қажет. Сақтандыру мәртебесін Электрондық үкімет порталында, Қор сайтында және Telegram-дағы SaqtandyryBot арқылы білуге болады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу