KZ
Өскемен
-3°
снег жел 2 м/с, Ю
517.66 606.49 6.44

«Борышкер»: Айыппұл төлемей жүргендерді тоқтатып жатыр

19.08.2021, 11:32 1 439

ШҚО аумағында Полиция департаментімен 18-20 тамыз аралығында "Борышкер" жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу жоспарланған.

Осы іс-шара шеңберінде жолдарда прокуратура, Жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасы өкілдерін, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарымен бірлесе отырып, борышкерлерді анықтау бойынша рейдтер жүргізіліп жатыр.

- Шығыс Қазақстан облысының Полиция департаменті Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 811-бабының (Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қысқартылған іс жүргізу тәртібі) талаптарына сәйкес, азаматтардың әкімшілік хаттама толтырылған сәттен бастап 7 тәулік ішінде айыппұл сомасының 50% - ын қысқартылған іс жүргізу тәртібімен төлеуге құқығы бар екенін хабарлайды. Бұл құқық пайдаланылмаған жағдайда, толық соманы ерікті түрде, бірақ отыз тәуліктен кешіктірмей төлеуге мүмкіндігі бар, - деп хабарлайды ШҚО ПД баспасөз қызметі. 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу