40 градус аязда анасын көшеден іздеп жүрген қандай бала - Алтай ауданы
15 қаңтар күні сағат шамамен 9.50 кезінде Алтай аудандық Полиция бөлімшесіне белгісіз ер адам хабарласып, Стаханов көшесіндегі дүкендердің маңынан жалғыз жүрген кішкентай қызды көргенін айтқан, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Мән-жайды анықтауға аттанған тәртіп сақшылары сол күні қыздың анасы таңертен сағат 8.00 шамасында дәрігердің қабылдауына кеткенін білді. Ал әкесі Грехово ауылында жұмыс істейтін көрінеді.
Ұйқысынан ояна сала үйде ешкім жоқ екенін байқаған қыз анасын іздеуге шыққан. -40 градус аязда кішкентай қыздың далада жалғыз жүргенін көрген көшедегі адам бірден полицияға хабарлауды жөн санапты.
Жедел іс-қимыл барысында құқықтық тәртіп сақшылары сәбидің отбасы туралы мәліметтерді анықтап, баланы ата-анасына тапсырды.