KZ
Өскемен
-3°
пасмурно жел 3 м/с, СБ
498.34 519.72 4.85

Күршімнің ауылында тұратын әйелге қасқыр шапты

2.02.2021, 11:09 204

30 қаңтар күні Күршім ауданы Маралды ауылында, өз үйлерінің ауласында жүрген адамдарға қасқыр шапты, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Кешкі сағат 21.00 шамасында сегізінші сыныпта оқитын бала анасына көмектеспек болып далаға шығады. Ауылға кіріп кеткен қасқыр екеуін де тіс батырып үлгеріпті. Қолына түскен айырмен қасқырға қайрат көрсеткен әйел түз тағысын түйреп өлтірген.


Қасқыр тістеген ана мен бала аудандық ауруханаға жіберілді. Бірінің қолы, бірінің аяғы жарақаттанған. Жыртқыштың басы «құтырма» ауруы бары-жоғын анықтау мақсатында зертханаға жіберілді.


Ауыл ішінде қасқыр ізі сайрап жатыр, дейді тұрғындар. Осы оқиғадан кейін мектеп оқушыларын қас қараймай үйге қайтару үшін, бір ауысымдық оқуға ауыстыру туралы шешім қабылданды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу