KZ
Өскемен
+17°
туман жел 1 м/с, С
478.58 520.84 5.44

Сағат 12.00-дегі жағдай бойынша сайлаушылардың 28,8 пайызы дауыс берді

10.01.2021, 12:25 237
Тізімге енгізілген сайлаушылардың жалпы санының 28,8 пайызы сайлау бюллетеньдерін алды. Бұл туралы ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Анастасия Щегорцова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың сайлау комиссиялары ұсынған мәліметтерге сәйкес, 2021 жылғы 10 қаңтар күні сағат 12-00-дегі жағдай бойынша сайлау бюллетеньдерін тізімге енгізілген сайлаушылардың жалпы санының 28,8 пайызы алды. Олардың ішінде: Ақмола облысы – 26,6, Ақтөбеде облысы – 25,6, Алматы облысы – 28,5, Атырау облысы – 29,8, Батыс Қазақстан облысы – 32,2, Жамбыл облысы – 32,1, Қарағанды облысы – 33,5, Қостанай облысы – 30,1, Қызылорда облысы – 28,9, Маңғыстау облысы – 23,7, Павлодар облысы – 33,1, Солтүстік Қазақстан облысы – 34,2, Түркістан облысы – 33,1, Шығыс Қазақстан – 29,9, Нұр-Сұлтан қаласы – 24,2, Алматы қаласы – 15,7, Шымкент қаласы – 34,1 пайыз», - деді Ерлан Дауылбаев.
Оның атап өтуінше, сайлаушылардың сайлау учаскелеріне келуі туралы келесі ақпарат жергілікті уақыт бойынша 14-00 ұсынылады. Сайлаушылардың келуі туралы алдын ала қорытынды ақпарат сағат 22-00-де беріледі.



Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив