KZ
Өскемен
-2°
туман Штиль
494.87 520.65 4.91

Сағат 16-00-де ШҚО сайлаушыларының 62 пайызы дауыс беріп үлгерді

10.01.2021, 16:21 397

Тізімге енгізілген сайлаушылардың жалпы санының 52,5 пайызы сайлау бюллетеньдерін алды. Бұл туралы ҚР Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Сәбила Мұстафина айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың сайлау комиссиялары ұсынған мәліметтерге сәйкес, сағат 16-00-дегі жағдай бойынша сайлау бюллетеньдерін тізімге енгізілген сайлаушылардың жалпы санының 52,5 пайызы алды.

Олардың ішінде: Ақмола облысы –56,9, Ақтөбеде облысы – 45,6, Алматы облысы – 58, Атырау облысы – 45,6, Батыс Қазақстан облысы – 53,5, Жамбыл облысы – 63,4, Қарағанды облысы – 58,8, Қостанай облысы – 62,4, Қызылорда облысы – 60,9, Маңғыстау облысы – 43,3, Павлодар облысы – 57,8, Солтүстік Қазақстан облысы – 62,4, Түркістан облысы – 53,6, Шығыс Қазақстан – 62, Нұр-Сұлтан қаласы – 44,1, Алматы қаласы – 25,3, Шымкент қаласы – 49,2 пайыз», - деді Сәбила Мұстафина.

Оның атап өтуінше, сайлаушылардың сайлау учаскелеріне келуі туралы келесі ақпарат жергілікті уақыт бойынша 18-00 және 20-00-де ұсынылады. Сайлаушылардың келуі туралы алдын ала қорытынды ақпарат сағат 22-00-де беріледі.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу