Nur Otan партиясы медициналық қызметтің сапасын арттыруға мән береді
Nur Otan партиясынан Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутатығына Жамбыл облысынан кандидат Гүлдара Нұрымова Instagram желісінде тікелей эфир арқылы сайлауалды бағдаламасын түсіндіру мақсатында медицина саласының қызметкерлерімен кездесті.
Онлайн кездесуде тараптар сын сағатта тәжірибемен сыналған медициналық қызметтің сапасын одан әрі арттыру мәселесі төңірегінде ой бөлісті.
Nur Otan партиясының 2025 жылға дейінгі сайлауалды бағдарламасына сәйкес, өңірде 38 дәрігер шет елдердің жетекші медициналық клиникаларында кәсіптік құзыреттілікті арттыру және әлемдік тәжірибелерді енгізу үшін оқытылады. Есепті кезеңде өңірде 4 жаңа денсаулық сақтау нысанының құрылысы жүргізіледі.
Nur Otan партиясы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізу жөніндегі жұмысты жалғастыруға, қан айналымы жүйесі ауруларын анықтау үшін халықты скринингтік зерттеулермен қамтуды арттыруға, суицид пен бала өлімінің алдын алу бойынша жұмысты күшейтуге басымдық бермек. Нәтижесінде, 2025 жылға қарай 1000 адамға шаққандағы жалпы өлім-жітім коэффициенті 4,2-дан 4-ке төмендейді