KZ
Өскемен
+2°
облачно с прояснениями жел 8 м/с, Ю
492.14 528.85 5.01

Қазақстан Халық партиясы мен «Жеңіс» командасы футболдан жолдастық кездесу өткізді.

24.12.2020, 11:30 189
Қазақстан Халық партиясы мен «Жеңіс» командасы футболдан жолдастық кездесу өткізді. Қарағандыдағы GGG денешынықтыру-сауықтыру кешенінде өткен матч партияның үгіт-насихат жұмысының бір бөлігі болып табылады. Партиялықтарға қарсы тұрған «Жеңіс» – қарағандылықтардың әуесқой командасы. Ойын тең есеппен аяқталды. Сондай-ақ шара шеңберінде қатысушыларға партияның сайлауалды бағдарламасы таныстырылды. Айта кетейік, бұл - Қазақстан Халық партиясы ұйытқы болған алғашқы турнир емес. Олар футбол алаңындағы белсенділігін төрт жылдан бері көрсетіп келеді. Александр ЗЕВАХИН, ҚХП ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСТЫҚ КОМИТЕТІНІҢ БІРІНШІ ХАТШЫСЫ:   Қазіргі уақытта спортпен айналысудың маңыздылығы тіпті арта түсті. Біз салауатты өмір салтын, белсенді және спортшы жастарды қолдаймыз! Салауатты өмір салтын ұстануы үшін осындай турнирлерді ұйымдастырып тұрамыз. Жастардың белсенділігі қуантады. Бүгінгі ойын тамаша өтті. Тең есеп, достық жеңді. Бекмұрат ОҢҒАЛОВ, «ЖЕҢІС» КОМАНДАСЫНЫҢ ОЙЫНШЫСЫ:   Мен каратэге қатысқып жүргеніме 8 жыл болды. Бізді осындай турнирлерге, жолдастық кездесулерге шақырып тұрады. Сол кезде өз командамызбен келіп, жақсы ойын көрсетеміз. Мен ойлаймын, қазіргі заманда кез-келген спорттың түрі дайындаламын деген адам үшін қолжетімді. Мәжілістің соңғы екі шақырылымында төменгі палатадан орын алған Қазақстан халық партиясы 7-ші шақырылымнан да дәмелі. Кандидат ретінде 113 адамды ұсынып отыр. Бүгінгі күні партияның 14 облыстағы және республикалық маңызы бар 3 қаладағы штабы үгіт-насихат жұмыстарын білек сыбана бастап кетті.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив