Қазақстан Халық партиясының кандидаттары сайлаушылармен кездесті

Қазақстан Халық партиясының кандидаттары Көкшетаудағы Ақмола облыстық ауруханасында медицина қызметкерлерімен кездесу өткізді.
Онда партия бағдарламасының тезистері түсіндірілді. Медицина қызметкерлерінің әлеуметтік кепілдіктеріне басымдық берілген ҚХП-ның сайлауалды жобасы таныстырылды, деп хабарлайды партияның баспасөз қызметінен.
Спикер ретінде ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Айқын Қоңыров, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидат Олжас Сыздықов қатысты. Кездесуде аурухананы техникалық жабдықтау, медицина қызметкерлерінің жұмыс кестесі, қызметкерлердің жалақысы, біліктілік талаптары, дәрігерлер үшін әлеуметтік кепілдіктерді арттыру мәселелері көтерілді. Спикерлер шара барысында ұжым өкілдері қойған сұрақтарға жауап берді. Медицина қызметкерлері ҚХП-ның сайлауалды жобасын тыңдады.